«Е-шаңырақ» электронды платформасы ПИК қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді - Мархабат Жайымбетов - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Е-шаңырақ» электронды платформасы ПИК қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді - Мархабат Жайымбетов

18.08.2017
«Е-шаңырақ» электронды платформасы ПИК қызметінің ашықтығын қамтамасыз етеді - Мархабат Жайымбетов

Жыл соңына дейін Қазақстанда «Е-шаңырақ» электронды платформасы іске қосылады. Оның аясында электронды форматта ПИК шығындары қадағаланатын болады.

Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында ҚР ИДМ құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері комитетінің төрағасы Мархабат Жайымбетов хабарлады.

Жүйенің басты мақсаты – шығындарды бекіту, қаражаттарды жұмсау мәселелерінде ПИК қызметінің ашықтығын, айқындығын қамтамасыз ету, сондай-ақ басқарушы ПИК таңдауды әлдеқайда ашық ету.

«Қазір біз Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жәнк «Зерде» компаниясымен бірге жұмыс істеп жатырмыз. Бұл - өте маңызды мәселе. Жыл соңына қарай жоба пилоттық режимде іске қосылады», — деді Мархабат Жайымбетов.

Жоба авторлары электронды платформаны іске қосқаннан кейін ПИК жұмысы мен тұрғын үй қатынастарының көп жылдық мәселелері шешілетіндігін айтады.

primeminister.kz

Хабарламаларға жазылу