Ауа ағындарының өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай болады, желдің күшеюі, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман күтіледі. Республиканың батысында, оңтүстік батысында, солтүстігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды Қазгидромет.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейіп, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетуі ықтимал, бұршақ жауып, дауыл болуы күтіледі.
Ақтөбе, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола облысында түнде және таңертең тұман түседі. Алматы, Кызылорда, Оңтүстік-Қазақстан облыстарында, Жамбыл, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.