Бүгін ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Армения Республикасының Премьер-Министрі Карен Карапетянмен кездесу өткізді.
Кездесу барысында сауда-экономикалық қатынастар, атап айтқанда, ынтымақтастықтың жаңа формаларын одан әрі дамыту перспективалары талқыланды. Оның ішінде көрсетілетін қызметтер мен жаңа технологиялар сауда-саттығы бар. Осы орайда, сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі қазақстандық-армияндық үкіметаралық комиссияның нәтижелі жұмысы аталып өтті.
Сондай-ақ, транзиттік-логистикалық әлеуетті дамыту, халықаралық ұйымдар аясындағы және Еуразиялық экономикалық одақтағы интеграциялық үдерістерді нығайтудағы өзара әрекеттестік мәселелері талқыланды.
Бұдан өзге, тараптар Астанада ЭКСПО-2017 көрмесін және ағымдағы жылдың 16 тамызына жоспарланған Арменияның Ұлттық күнін өткізу барысын талқылады.
primeminister.kz