«Айтуға оңай... ». Медициналық сақтандыру туралы не білесіз? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай... ». Медициналық сақтандыру туралы не білесіз? (ВИДЕО)

09.08.2017

Медициналық сақтандыру – халықтың денсаулығын қорғау жүйесі. Қорланған қаражат есебінен азаматтардың тегін медициналық көмек алуына кепілдік беруді көздейді. Медициналық сақтандыру міндетті және ерікті сақтандыру жолымен жүзеге асырылады.

Міндетті медициналық сақтандыру мемлекеттік әлеуметтік сақтандырудың бір бөлігі болып табылады және мұнда сақтандыру жарналарын жұмыс істеуші азаматтар үшін кәсіпорынның, ұйымның, басқа да жұмыс берушілердің қаражатынан төленеді, ал еңбекке жарамсыздар, жұмыс сыздар үшін тиісті деңгейдегі бюджеттерден қаражат аударылады.

Ерікті медициналық сақтандыру міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне толықтыру болып табылады. Ол сақтық төлемақыларды, яғни медициналық қызмет көрсетуге жұмсалатын өтемді, жүзеге асыруды қарастыратын жеке басты сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып келеді.

Биыл елімізде жаңа жүйені жүзеге асыру мақсатында арнайы әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры құрылмақ. Қазақстандықтар осы қорға ай сайын міндетті жарналарын аударады. Қорда сақталған қаржы емханаларға беріліп отырады.

 

Хабарламаларға жазылу