«Айтуға оңай». Тарихшы Ахмет Тоқтабай: Онсыз да аз қазақты бөлудің қажеті жоқ (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай». Тарихшы Ахмет Тоқтабай: Онсыз да аз қазақты бөлудің қажеті жоқ (ВИДЕО)

03.08.2017

«Қан араластырмау - көшпенділердің ертеден келе жатқан дәстүрі. Әр ата 20 жыл деп есептесек, 7 ата шамамен, 140-150 жыл. Осыдан кейін қазақ «Жеті атаға толыстық, жеке ел болыстық» деп ақбозатты сойып, жаңа ру құратын болған.

Қазақ шежірелерінің барлығы 20-ғасырдың басында жазылған. Қазақ неге жеті атасын біледі? Меніңше, жеті атадан жоғары атаны білудің қажеті жоқ. Қазіргі заманда кейбіреулер «30-40 атаға дейін білуді қажет» деп жатыр. Ол мүмкін емес. Жеті атасына дейін білген адам да қан тазалығын сақтайды.

Қазіргі заманда ру жасаудың қажеттілігі шамалы. Бәріміз бір қазақтың ұранын шақырып жүрміз. 1928 жылға дейін қазақ ру, ел болып тұрған кезде патша әкімшілігі қазақты ауыл-ауылға бөліп тастады. Осы кезде бұл салт қыз алысуда қанның бұзылуы болмас үшін қажет болған. Ал 1928-1930 жылдары  қызыл империя бәрінің быт-шытын шығарды. Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүздер араласып кетті.

Сондықтан жеті атаны білу керек, бірақ оны насихаттаудың қажеті жоқ. Онсыз да аз қазақты бөлудің қажеті жоқ», - дейді тарихшы Ахмет Тоқтабай.

Хабарламаларға жазылу