Адам ағзасындағы ең маңызды рөлдердің бірін бауыр атқаратыны белгілі. Бұл органды «ағзаға қанның қажетті мөлшерін түсуін қамтамасыз ететін фабрика» деп те атауға болады. Ересек адамның бауырының орташа салмағы 1,5-2 келі. Сонымен қатар бауыр тағам арқылы ағзаға түсетін қажетсіз химиялық қалдықтарды шығарып, асқорыту мүшелерін глюкозамен қамтамасыз етеді. Бауыр қан плазмасындағы ақуыздарды синтездеуге, холестерин мөлшерін қадағалауға, 12 елі шек пен аш ішектің кебір бөлігіндегі ас қорыту процессіне қатысатын гармондар мен ферменттерді реттеуге ат салысады.
Гепатит - вирусты инфекция негізінде туындайтын бауырдың қабынуы. Вирусты гепатиттің A, B, C, D және E типтегі 5 түрі бар. В және С типтері ауыр созылмалы аурудың дамуына әкелетін, індетті жұқтырған адамдардың көпшілігінде ондаған жылдар бойы ешқандай ауру белгілерінің болмауына байланысты цирроз бен бауыр обырын туындататын ең көп таралатын гепатит түрі болып саналады. Бұл вирусты тасымалдаушылар аңдаусыз өзгелерге жұқтырылуы мүмкін.
Бүгін бағдарламаға Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының емдеу, алдын алду және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, жоғары санатты дәрігер Желеухан Прімқұлов сұхбат берді.
«Вирусты гепатит – жиі кездесетін қатерлі аурулардың түрі. Қазақша айтқанда «Сары ауру». Ауруды емдегенше, ауырмаудың жолын іздеген абзал. Бұл аурудың себептерінің бірі – тазалықты сақтамау. Мысалы, жеке гигиенаны сақтамау, лас су пайдалану.
Кейде жаңа туған балалар сары ауру болады. Өйткені анасы жүкті кезінде осы дертпен ауруы мүмкін.
Аурудан ең бірінші бауырдың жасушалары өледі, бауырдың қызметі нашарлайды. Қанға керек емес заттар, ағзада қан айналу заттары өзгереді. Мысалы, ол циррозға әкеп соқтыруы мүмкін», - дейді дәрігер.