Әлеуметтік желілерде қандай ақпараттарды таратуға тыйым салынады? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Әлеуметтік желілерде қандай ақпараттарды таратуға тыйым салынады?

23.07.2017

Интернет желісін пайдаланушылардың 80 пайызы әлеуметтік желіні қолданады. Оның пайдасы мен зияны қандай? Ұрпақ санасына кері әсерін тигізуі мүмкін бе?  «1 студия» саяси ток-шоуы бүгін «Әлеуметтік желілердің пайдасы мен зияны» тақырыбын қозғады.  

Бағдарлама спикерлері: ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі БАҚ саласын бақылау басқармасының басшысы Азамат Қабдешев, «Қазақстан КВН одағының» президенті, әлеуметтік желілердің белсенді қолданушысы Есен Елеукен, Qamshy.kz сайтының жетекшісі Біләл Қуаныш, IT-сарапшы Тимур Бектұр;

Әлеуметтік желілерде қандай ақпараттарды таратуға тыйым салынады?

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің басқарма басшысы Азамат Қабдешев:

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің 2016 жылы жүргізген мониторингі бойынша 110 мыңнан астам материал жойылды. Олар: экстремизм мен терроризмді насихаттау, суицид, интернет желілер арқылы есірткі заттарын сату, интернет-казино, порнографиялық материалдар.  Жанама ақпарат таратуға Әкімшілік кодекс арқылы жауапкершілік тағайындалған. Мұндай ақпараттар құқық қорғау органдарына жөнелтіліп отырады.

IT-сарапшы Тимур Бектұр:

«Ақпараттық гигиена» деген термин бар. Бұған әрбір адам сақ болуы керек. Қандай ақпаратты тұтынады, оны кімнен алады? Жалпы, ақпарат тұтынушы мен ұсынушы арасындағы қарым-қатынасты, олардың әлеуметтік желідегі дағдыларын реттеуге болады.

Кейбір сайттар мен олардың иелерінің әлеуметтік желілерде таратып отырған ақпараты бір-біріне қарама-қайшы. Бұл  -ақпараттық екіжүзділік.

Толық нұсқа 

Хабарламаларға жазылу