Қазақстан аймақтарында 2017 жылғы 22 шілдеде болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау-консультациясы
Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым аймақтарында тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерде жаңбыр күтіледі, найзағай болады, дауыл, бұршақ болуы мүмкін, солтүстікте түнде және таңертең тұман болады. Республиканың батысында, оңтүстік батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Қарағанды, Қостанай, күндіз Ақмола облыстарында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с болады, бұршақ, дауыл болуы мүмкін, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Шығыс-Қазақстан облысында кей жерлерде желдің күшеюі 15-20 м/с болып, күндіз бұршақ, дауыл болуы мүмкін. Қызылорда облысында кей жерлерде күндіз шаңды дауылмен бірге желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі. Оңтүстік-Қазақстан, Ақтөбе, күндіз Жамбыл облыстарының кей жерлерінде желдің күшеюі 15-20 м/с күтіледі.
Күндіз Алматы, Кызылорда, Маңғыстау, Атырау, Ақтөбе, кей жерлерде Қостанай, Жамбыл, Қарағанды облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Қызылорда, Оңтүстік-Қазақстан, кей жерлерде Батыс-Қазақстан , Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Атырау, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.
Астана қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, күші 7-12 м/с. Ауаның температурасы түнде +14+16°С, күндіз +28+30°С болады.
Алматы қ: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Желдің күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде +18+20°С, күндіз +32+34°С болады.