«Айтуға оңай...». 4 жасар Тамерлан Сансызбай - Миландағы сән көрсетіліміне жолдама алған жалғыз қазақ баласы (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». 4 жасар Тамерлан Сансызбай - Миландағы сән көрсетіліміне жолдама алған жалғыз қазақ баласы (ВИДЕО)

19.07.2017

«Даун» синдромымен туған 4 жасар Тамерлан Сансызбай - Миландағы сән көрсетіліміне жолдама алып, Италияға барып келген жалғыз қазақ баласы. Бір-ақ күнде елді өзіне қаратып, тамсандырған баланың сыры неде? Тамерланның ата-анасы Артур мен Айгерім Бижановтар ұлының сәнгерлік жолын қалай ашты?

Тамерлан еліміздегі көптеген көрсетілімдерге қатысты. Оны Миланға атақты сән сыншысы Мила Ануфриева шақыртты.

«Биыл балам 4 жасқа толды. Бастапқыда түсірілім алаңындағы жағдайды түсінбейтін. Кейін айтқан сөзді ұғып, жүріп-тұруды үйрене бастады. Қазір өзін жақсы сезінеді. Сахнаға шығуды ұнатады. Әрине, кейде ұялады. 

Балам өлең айтып, билегенді жақсы көреді. Ұлымның мүгедек болып, етек ұстап жүргенін қаламадым. Сондықтан, кішкентай кезінен модельдік агенттіктерге апардым. Бала көптің ортасында жүруі керек. Қандай ауру болса да, ол сау адамдардың қатарында болуы қажет», - дейді анасы Айгерім Бижанова.

Хабарламаларға жазылу