«Айтуға оңай...». 12 жастағы Махамбет Мырза: Арманым - қазақтан шыққан тұңғыш «Оскар» сыйлығының иегері болу (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». 12 жастағы Махамбет Мырза: Арманым - қазақтан шыққан тұңғыш «Оскар» сыйлығының иегері болу (ВИДЕО)

19.07.2017

Бағдарлама түрлі саладағы өнерлі балаларға арналды. Сондай дарынды балалардың бірі  - 12 жасар Махамбет Мырза.

Махамбет жұртшылыққа ең алғаш «Ойпырмай» атты толықметражды фильм арқылы танылды. Ол кезде небәрі 3 жаста ғана болатын. Ал, қазір 12 жаста. Осы күнге дейін ол «Қара шаңырақ», «Аңшы бала», «Өмір сынағы», «16 қыз» секілді 30-ға тарта фильмге түсіп үлгерген.

Оның табиғаты комедиялық жанрға жақын. Болашақта қазақтан шыққан тұңғыш «Оскар» сыйлығының иегері болуды армандайды. 

«Есімімді Сатыбалды Нарымбетов атамыз өзіне тартқан режиссер немесе актер болсын деген ниетпен «Махамбет» киносының түсірілімі кезінде қойған екен.. Кейде режиссер болғым келеді. Алайда, алдымен актерлік деңгейімді жоғарылатсам деймін.

«Оскар» сыйлығы – әлем мойындаған актерлердің сыйлығы. Егер мені әлем сүйіп, тамсанып көретін болса, қазақтың аты биікке шығатын еді. Кинода ерте жастан ойнағаныма қарамастан, режиссерлердің ойынан шығып, әрі қарай басқа рөлдерге шақыртулар түсіп жатыр», - дейді жас актер.

Хабарламаларға жазылу