«Әйел бақыты». Зарина: Күйеуім маған суып кетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Зарина: Күйеуім маған суып кетті (ВИДЕО)

10.07.2017

Жұбайлардың таусылған әңгімесіне кім кінәлі? Күйеуінің өзінен басқа келіншектерге көз салып жүргенін байқаған әйелге не істеу керек?

Студияға «өмірлік серігім» деп сенген адамы сатқындық жасағанын айтып, тағдырына қапалы Зарина келді.

«23 жасымда тұрмыс құрдым. Қазір 4 жасар қызым бар. Екінші балама аяғым ауыр. Күйеуім маған суып кетті. Мені алдайды. Үйге кеш келеді, кейде келмей де қояды. Бөтен адамдар телефон соғады.

Ауылдан келгенімде көлікте бөтен қыздың отырғанын көрдім. Ол «жұмыстағылар» деп алдайды. Бір күні жас қыз телефон шалып, «Мен сенің күйеуіңмен жүремін!» деп, бірге түскен суреттерін жіберді. Арамызда ұрыс-керіс болды. Күйеуім кешірім сұрады. Мен кешірдім. Бірақ, қайтадан жүріп кетті», - дейді Зарина.

Хабарламаларға жазылу