Жұбайлардың таусылған әңгімесіне кім кінәлі? Күйеуінің өзінен басқа келіншектерге көз салып жүргенін байқаған әйелге не істеу керек? Бүгінгі «Әйел бақытында» сатқындықтың құрбаны болғандар жайлы әңгіме қозғалды.
Әнші Сәкен Майғазиев өзінің атынан несие алған адамдар болғанын айтады.
«Адамның бір есімі – Инсан. «Ұмытшақ» деген сөз. Шынына келгенде, бәріміз де ұмытшақпыз. Кейбіреулер сатып кеткенін байқамай да қалады.
Бірақ буынсыз жерден пышақ ұрып, басқан ешкім болған жоқ. Өмірде бәрі де болады. Айтқан уәдесінде тұрмай кеткен адамдар бар. «Өз наным өзіме жетеді» деп шүкіршілік қыламыз.
Менің атымнан несие алған адамдар да болды. Нотариалды түрде қол қойдырып, банкке несие алуға барған», - дейді әнші.