Әнші Бауыржан Исаев пен сазгер Асқар Жайлаубаев таңғы бағдарлама қонағы болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Жаңа дуэттің жазылуына себепкер болған екеуміз. Жас кезімізде бірге оқыдық. Қазір отбасымызбен араласамыз. Енді «бірге дуэт жасайық деп келістік. Бұл – екеуміздің алғашқы дуэтіміз. Нәтижесінде «Менің қалама» әні пайда болды», - дейді Бауыржан Исаев.
«Жеке шығармашылық кеш ұйымдастыруды ойлап отырмын. 2018 жылдың басында болып қалар. Көптеген әріптестеріммен дуэт жазылады. Шығармашылық кешімде жеке әншілер де, дуэт те болғанын қалаймын», - дейді Асқар Жайлаубаев.