Үйде отырып кәсіптің көзін табуға болады. Алайда, ол да - өнер.
Үйіңізде тәттіні жиі жасайсыз ба? Отбасы мүшелеріне ұнай ма? Бүгінгі бағдарлама кейіпкері Қорлан - хоббиін кәсіпке айналдырған жан. Қазіргі уақытта ол түрлі тәттілер пісіріп, сатады.
Бағдарлама барысында Қорлан «Қызыл бархат» тортын жасауды көрсетеді.
«Астана қаласына келгенде бастапқыда жұмыс істемей, үйде отырдым. Содан бері тәтті пісіру хоббиге айналды. Туыстарыма, жақындарыма, кейін тұтынушыларға ұнай бастады. Содан хоббиім бизнеске айналды. Осы кәсіппен айналысқаныма 3 жыл болды», - дейді Қорлан.