Ерлан Нысанбаев: Бүгінде «жасыл белдеу» көлемі 78 мың 100 гектарға жетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ерлан Нысанбаев: Бүгінде «жасыл белдеу» көлемі 78 мың 100 гектарға жетті (ВИДЕО)

03.07.2017

Жыл сайын жаз мезгілінде Мемлекет басшысы елорда маңындағы «жасыл белдеуді» аралайды. Бұл дәстүр биыл да жалғасты. Бүгін  Нұрсұлтан Назарбаев Астананың көкке оранған көкжиегін аралап, бас қаланың орман алқабын баптап жүрген мамандармен кездесті.  Осыған орай «Басты тақырып» студиясында Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ерлан Нысанбаев қонақта болды.

1997 жылдан бері Астана маңына орман өсіру қолға алынған  болатын. Жалпы, 19 жыл ішінде орман аумағы қанша гектарға жетіп, қанша тал-терек отырғызылғанына тоқталған студия қонағы былай дейді:

«Бүгінде «жасыл белдеу» көлемі 78 мың 100 гектарға жетті. Бір біраз жылдан бері Астананың маңайын зерттеп шықтық. Қала маңындағы топырағы қолайлы жердің 80 пайызына ағаш егілді. Қазір 2020  жылға дейін алға қойған мақсат – жер көлемін 100 мыңға жеткізу. Биыл 5170 гектар жерге жаңа орман алқаптарын құрдық».

Сондай-ақ, хабар барысында Елбасының орман алқабының әдетінше батысына емес, неліктен шығыс беткейіне барғаны да сөз болды.

Хабарламаларға жазылу