Рок-н-ролл – бұл революция. Ол тарихты өзгертті, биліктегілерге әлемнің жаңарғанын дәлелдеп, ата-аналарға өз балаларына ақыл айтуға жарамай қалғанын мойындатты. Адамның өзіне деген көзқарасын өзгертті. Әнші Жеңіс Сейдоллаұлы бағдарлама қонағы болып, рок-н-ролл туралы өз ойымен бөлісті.
«Мен рок-н-ролмен бірінші рет 14 жасымда таныстым. Сыныптастарым Дәуіт, Маратпен транзисторден рок-н-ролл тыңдайтынбыз. Өзім Байқоңырдан боламын. Сондықтан ол жаққа Ресейден ертерек жететін кез келген жаңалық. Орыс балаларымен араласып жүріп, рок-н-ролл не екенін білдік.
Рок-н-ролл – бостандық әні, азаттыққа деген ұмтылыс», - дейді әнші.