«Айтуға оңай...». Анар Леспекова: Мақсатым – ойыншықтар дүкенін ашу (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Айтуға оңай...». Анар Леспекова: Мақсатым – ойыншықтар дүкенін ашу (ВИДЕО)

30.06.2017

Анардың өз әлемі бар. Ол 5 жылдан бері өзіне ұнайтын мультфильм кейіпкерлерін тоқумен айналысады. Ашық түсті, әдемі қуыршақтарына тіпті шетелдіктер де тапсырыс береді. Осыдан біраз жыл бұрын ол «Даму» қоры ұйымдастырған байқауда жеңімпаз атанып, содан алған қаржылай жүлдесіне өз шеберханасын ашқан.

Ол бала кезінен буын ауруымен ауыратын. Анар осы істен ләззат алады. Өзгелерге де үйреткісі келеді. Кейде арнайы тренингтер өткізіп тұрады.

«Бала кезімнен «Пчелка Майя» мультфильмін жақсы көретінмін. Сондықтан осы ойыншықты жиі жасаймын. Күліп тұратын ойыншықтар жасауды жақсы көремін. Негізі мультфильм кейіпкерлерін жасаймын. Кейде адамдар өзінің балаларының суретін беріп, соған ұқсас етіп жасауға тапсырыс береді.

Тапсырыс әртүрлі болады. Бір күнде 62 тапсырыс түскен кездер де болған. 2016 жылы өзіме екі көмекші алдым. Бір қуыршақты бір күнде жасаймын. Бағасы 5 мың теңге. Сүйікті іспен айналысқан жақсы. Ендігі мақсатым – ойыншықтар дүкенін ашу. Армандарымның орындалуына тырысамын», - дейді Анар.

Хабарламаларға жазылу