«Таңшолпан». «Нұр әлем» павильонының сегізінші қабатымен таныс болыңыз (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». «Нұр әлем» павильонының сегізінші қабатымен таныс болыңыз (ВИДЕО)

28.06.2017
«Таңшолпан». «Нұр әлем» павильонының сегізінші қабатымен таныс болыңыз (ВИДЕО)

Ұлттық павильонымыздың сегізінші қабатында туристер мен қала тұрғындары Астананың керемет көрінісіне куә болады. Бинокль арқылы Астананы 100 метр биіктіктен тамашалауға болады. Соңғы қабат елорданың стратегиялық жобаларынан сыр шертеді.

3D форматта әзірленген конструкция қаланың қарқынды даму үдерісіне арналған. «Нұр әлем» сферасының бір ерекшелігі – соңғы сегізінші қабатта ерекше шыныдан жасалған еден. Қала қонақтары мен туристер осы шыны көпірмен жүре алады. Ұзындығы 30 метр болатын шыны көпірмен жүріп өтетін жандар көп. Біреулері бойындағы қорқынышты жеңу үшін келсе, келесілері қызық етіп, 2-3 айналым жасайды. Америкалық архитекторлардың қиялдарынан туған туынды 7 тонна салмақты көтере алады.  

 

Хабарламаларға жазылу