Әнші Әбдіжаппар Әлқожа «Таңшолпан» бағдарламасында қонақта болып, өнердегі жаңалықтарымен бөлісті.
«Әншінің жаңалығы - концерт, ән, бейнебаян. Жақында «Қоңырауды неге алмайсың?» әнім және бейнебаяным шықты. Сөзін өзім жаздым.
Әндерімнің ерекше болуына себепші – қыздар. Қазақтың қыздарын қызғанамын. Намысқой жігіттердің бірімін. Аруларымыздың көбі шетелдік әндерді, әншілерді тыңдайды. Бір отырыста қыздардан «неге қазақтың әнін тыңдамайсыңдар?» дегенімде «сендердің әндеріңе тойда билеп жүрміз»,- деді. Одан бөлек, шетелдік актерлердің шаш, киім үлгілеріне қызығады екен. Қазақ жігіттерінің қай жері кем?! Сол кезде «бізде де заманға лайықты жігіттер бар» деп арнайы «Ұрланған ән» туындысын жаздым», - дейді әнші.