«Әйел бақыты». Ақмаржан: Абысыным отбасымыздың түбіне жетті (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Ақмаржан: Абысыным отбасымыздың түбіне жетті (ВИДЕО)

26.06.2017

Дуа – ауыр күнә. Дегенмен қорықпай, дәл осы сұмдықты жасататындар көптеп кездеседі. Дуа шынымен бар ма? Ол адамға қалай әсер етеді? Бағдарламаға келген кейіпкер өз оқиғасымен бөлісті.

Ақмаржан Шымкент қаласының тумасы. 15 жылдан бері Астанада тұрады. Күйеуімен ажырасқан.

«1992 жылы тұрмысқа шықтым. Жаңа отбасыма келгенде, күйеуім «Сырыңды абысыныңа айтушы болма! Ол «қара магиямен» айналысады» деді. Ол күнге дейін басымнан ондай өтпеген. Мен таңқалдым. Уақыт өте келе абысыным бізді тамаққа шақырды. Абысыным картамен бал аша бастады. Кішігірім әңгіме айтты.

Одан кейін өзімнің төркініме баратын боолдым. Абысыным «шашыңды қиып берейін» деп, екі жақтан қиды. Сол арада бір ай өтті. Отбасымызбен тамақ ішіп отырғанбыз. Күйеуім даладан келді де мені сабады. Осы уақытқа дейін ешкімге айтпадым. Айтсам да, ешкім ешнәрсе істей алмайды. Себебі, абысыным бәрін дуалап тастаған.

Қайын атам «біреудің баласы, өлтіріп аласың» деп үйіме апарып тастады. Кешке күйеуім келіп, «неге ұрғанымды білмеймін, кешірші» деп жалынды. Сөйтіп үйге мені алып кетті. Кейін де сабады бірақ. Ақыры 10 жылдан кейін ажырастық. Дуа түбімізге жетті.

Қайын атам, енем момын жандар. Балаларына еш нәрсе айта алмайды. Қыз баланы еркелетіп, ұл баланы қатал ұстау керек екен», - дейді Ақмаржан.

Хабарламаларға жазылу