«Әйел бақыты». Әнші Бағдат Сәмединова: Әйел мықты болған сайын, еркек әлсірей береді (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Әнші Бағдат Сәмединова: Әйел мықты болған сайын, еркек әлсірей береді (ВИДЕО)

22.06.2017

Әйел - бір қолымен әлемді, бір қолымен бесікті тербететін нәзік жан. Алайда, бойындағы бар нәзіктікті ұмытып, күйеуі мен бала-шағасын өздері асырап жүрген әйелдер арамызда жетерлік.

Соңғы ресми мәліметтер бойынша елімізде 400 мыңнан аса жалғыз басты әйелдер бар.

ҚР еңбек сіңірген әртісі, Құрмет ордерінің иегері, әнші Бағдат Сәмединова қонаққа келді.

Әнші 16 жыл отасқан жарымен ажырасқан, екі қыздың анасы.

«Қазіргі уақытта ер азаматтар өз жауапкершіліктерін аз сезінеді. Одан кейін өте жалқау. Кейбір азаматтар әйелінің базарға барып, тауып келген тағамын кешке дейін күтіп жата береді. Баяғы кезде ол ұят еді.

Біз бала кезімізде үлкен кісілер қонаққа келгенде ақыл айтып, өсиет айтып отыратын. Сондықтан көп нәрседен ер азаматтар ұялып, жауапкершілік болатын. Ал, қазір ондай жоқ. Қыз баласы да оған үйренді. Өкінішке орай, көп кінәні әйелге жауып жатады. Алайда, еркек тауып, әйелін алақанына салып отырса, әйел қайда кетеді? Меніңше, әйел мықты болған сайын, еркек әлсірей береді», - дейді әнші.

Хабарламаларға жазылу