«Жолаушы» финалда Батырхан Шүкеновтің орындауындағы «Отан-Ана» әнін орындады.
Арман Дүйсенов: Бұл әнді тыңдаған кезде тебіренбеу мүмкін емес. Әнді орындаған бауырларымның көзінен туған жерге деген сүйіспеншілікті көрдім. Тамаша әсер сыйладыңыздар.
Жанар Айжанова: Топ бүгін мені таң қалдырды. Әркім өзіне берілген дауысты толық ұстап тұрды. Батырханның әнін әдемі алып шықты.