«Басты тақырыптың» бүгінгі қонағы - Еуропалық одақтың Орта Азия бойынша арнайы өкілі Петер Буриан.
- Британиясыз Еуропа одағының ертеңі не болмақ?
- Біріккен Корольдіктің Еуропалық одақтан шығу туралы шешіміне біз құрметпен қараймыз. Әрине, бұл оңай процесс емес. Бірақ «Brexit» тиісті деңгейде, кешенді түрде жүзеге асады. «Brexit» бір жағынан Еуропалық одақтың кемшін тұстарына үңіліп, мәселелерді қалай бағыттауға ықпал етеді. Яғни, біз одақты қалай күшейту, қалай түрлі институттардың тиімділігін арттыру мақсатында біраз жұмыс істейміз. Сондай-ақ, бұл жеткілікті процесс болады деген үміттемін.
- Еуроодақтың Қазақ елімен ынтымағы қазір қандай деңгейде?
- Мен соңғы жылдары Қазақстан мен Еуропалық одақ арасында қандай да бір қарама-қайшылықтар бар дегенге сенбеймін. Біздің қарым-қатынас қарқынды түрде дамып келеді. 2015 жылы Астанада Мадам Маганеридің қатысуымен Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ арасында әріптестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Бұл шараға мен де қатысқан едім. Сондықтан, бұл келісім мен атап өткен - энергия, инновация, экономика, сауда-саттық салаларында тараптардың қарым-қатынасын ілгерілетуге ықпал етері сөзсіз. Сонымен қатар, Қазақстан Орта Азияның орталығы ретінде аймақтағы көрші елдермен де жаңа байланыс орнатуға жол ашты.