«Әйел бақыты». Исатай Талмашев: Әйелім мен үшін жұмбақ (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Исатай Талмашев: Әйелім мен үшін жұмбақ (ВИДЕО)

12.06.2017

Қазақ «қыз күнінде бәрі жақсы, жаман әйел қайдан шығады?» деп жатады. Тұрмыс құрған соң, қыздар жағы өзгеріп кете ме, әлде сезімнің сергелдеңіне түсіп бойжеткеннің жаман мінезін бозбала байқамай қала ма?

Бағдарламаға келген 2 баланың әкесі Исатай Талмашев өз оқиғасымен бөлісті.  

«24 жасымда әйеліммен таныстым. Ешнәрсеге қарамай, екі айдан кейін үйлендік. Той, құдалық болған жоқ. Бұрынғы күйеуінен бір қызы бар етін.

Тату-тәтті өмір сүріп жаттық. Ұл-қызды болдық. 2012 жылы Астанаға көшіп келдік. Пәтер жалдап, жұмыс істедік. 2013 жылдан бастап құрбылары көбейе бастады. Құрбылары келген сайын біз ұрыса бастадық. Кейін баланы тастап, қыдыра бастады. Сосын апталап кететін болды.

Арақ ішпеймін, темекі тартпайын, жұмыс істеймін. Үй болған соң ұрыс-керіс болды, шапалақпен ұрған кезім болды. Бірақ сабамайтынмын.

2013 жылдың желтоқсанында үйден шығып кетті, жаңа жылға да келмеді. Балалары да анасын іздемейтін болды. 2014 жылдың басында бірдеңені сезе бастадым. Телефонмен тауып алдым. Ер адаммен кездесіп жүргенін білдім. Қоңырау шалып, сөйлестім. Кешке сол азамат әйелімді үйге алып келді. Бала-шағаны, үйді көрді. Бәрін де түсінді. Мен оларға «Екеуің тұрсаңдар баланы қалдырамын, сыртынан қамқор боламын» дедім.

Жігіт болса «Сіздің жағдайыңызды бермесін, кешіріңіз» деп кетті. Үйге кіріп кеттім. Әйелімді күттім. Бірақ ол келмеді. Содан кейін көрмедім. Бір күні «ажырасамыз» деп хабарласты. Мен оны кешіремін, баламның анасы ғой себебі. Сонда да сотқа беріпті. Бірақ өзі келмеді. Ажырасуға қарсымын. Балалар үшін үміттенемін. Әйелім мен үшін жұмбақ», - дейді Исатай.

Хабарламаларға жазылу