«Әйел бақыты». Әнші Нұрлан Өнербаев: Биыл үлкен концерттік кеш өткізетін ниетім бар (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Әйел бақыты». Әнші Нұрлан Өнербаев: Биыл үлкен концерттік кеш өткізетін ниетім бар (ВИДЕО)

09.06.2017

ҚР Халық әртісі, әуезді әндерімен халықтың сүйікті әншісіне айналған Нұрлан Өнербаев бағдарламаға сұхбат берді. 

«Шет жүрсем сағынарым» деп аналардың жүрегін елжіреткен әнші қазір қайда? Шығармашылығында не жаңалық болып жатыр? Нені армандайды? 

«Қазіргі таңда ел аралап, өңірлерде концерт беріп жүрмін. Жоспар бойынша үлкен шығармашылық кешім былтыр өтуі тиіс еді. Белгілі себептерге байланысты кейінге қалдырылды. Биыл үлкен концерт өткізбек ниетім бар. Қазір соның репертуарын жасап жатырмын. 

Мен өнерге 1978 жылы келдім. Мектепті бітіріп, театрда жұмыс істедім. Театр – өнердің қайнаған ортасы, қазақ өнерінің қара шаңырағы. Театрдың әрбір гастрольдік сапары романға арқау болатын қызықты сәттерден тұрады. Өйткені, әр өңірдегі театр ұжымдарының өнер кештері, көрермендермен кездесуі өте қызық. Театрда әншілік бағытымды ұстай бастадым. Сосын әнші ретінде жеке сапарларым басталды», - дейді өнер иесі.

Хабарламаларға жазылу