Әнші Мөлдір Әуелбекова студия қонағы болып, өмірдегі, шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті. Сонымен қатар, бағдарлама барысында әншінің жаңа «Балапаным» әнінің тұсауы кесілді.
«Жуырда жаңа бейнебаян түсірдік. Ән «Балапаным» деп аталады. Өзімнің бөпеме арналады. Демалыстан кейінгі алғашқы туындым осы болды.
Негізі репертуарымда патриоттық әндер көп. Ізбасар деген інім менің тапсырмам бойынша «Сен қазақ, ол қазақ, мен қазақ» атты ән жазып берді, қазір өңдеуде. Одан басқа да туындылар жазылып жатыр. Жаңа әндерім «ЭКСПО» көрмесіндегі концерттерде орындалады.
Екі жыл бұрын «алғашқы үнтаспамды шығарамын» деген ой болған. Кейін тұрмысқа шығып, декреттік демалыста болып, бұл ойым шегеріліп қалды. Үнтаспаға авторлық, сапасы жақсы әндерді ғана кіргіземін. Жас сазгерлер өте көп. Соларды қолдап, жұмыс істеймін.
Балалы болған соң көп уақытымды бөпеме арнаймын. Кино, телевизия саласына балам өскен соң қайта келемін. Өйткені мұның бәрі көп уақытты талап етеді», - дейді әнші.