Әнші Маржан Арапбаева студия қонағы болып, ғашықтардың арасындағы жас аралығына қатысты өз пікірімен бөлісті.
«Жолдасымыз екеуміздің арамыз 4 жас. Оған қарамастан оның ой-өрісі, қоғамда өзін-өзі ұстауы, салмақтылығы үлкен адамдай, маған ақыл айтатын жігіт. Сондықтан «менен кіші ғой» деген ойлар болған жоқ. Араласу барысында менен ақылды, маған серік, қорғаушы болатынын сездім. Жасы кіші болса да, ақылы өзінен үлкен адамдарға айтатындай жеткілікті», - дейді әнші.