Бекболат Тілеухан: Мемлекеттік рәміздер – ел елдігінің айрықша бір бейнесі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бекболат Тілеухан: Мемлекеттік рәміздер – ел елдігінің айрықша бір бейнесі (ВИДЕО)

04.06.2017

«Бүгін жексенбі» бағдарламасында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР-ның Еңбек сіңірген әртісі, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті Бекболат Тілеухан қонақта болып, рәміздер күнінің маңыздылығына тоқталды.

«Бізден тарихы терең, бізден мәдениеті де кем емес, шежіресі де саяз емес елдер бар. Бірақ, бұзайын десе шекарасы жоқ, көтерейін десе байрағы жоқ, шырқайын десе Әнұраны жоқ, басқа бір елге кіріптар болып жатқан, мәдениетін паш етерге мүмкіндігі жоқ қаншама елдер бар. Ал, шындығында біз, бақытты жұртпыз! Өз алдына тәуелсіз елміз, көтерер көк Байрағымыз бар.

Мемлекеттік рәміздер - ел елдігінің  айрықша бір бейнесі. Рәміздер күні -  түсінген адамға керемет мереке», - дейді Бекболат Тілеухан.

Сонымен қатар, ол бағдарлама барысында  ЭКСПО көрмесі аясында өткелі отырған  бәйге ерекшеліктерін атап өтті.

Хабарламаларға жазылу