Жаз. Ауыл. Бала үшін үш айғы демалыс уақытында бұдан асқан қызық жоқ. Тас қалада туып-өскендер үшін атқа шабу, көлден балық аулау, қырда қой бағу, шөптің үстінде жатып қиялға бату – нағыз ғажайып. Бұл көріністер қазір неге азайды? Тіпті, бала бармайтын ауылдар да бар. Ал, ауылдың ұл-қызы жазды қалай өткізеді? Толығырақ «Мәселе» тілшісі Нұрбек Бекбаудың сюжетінде.