«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жақында түріктің «Ертұғырыл» тарихи телехикаясын ұсынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жақында түріктің «Ертұғырыл» тарихи телехикаясын ұсынады

31.05.2017
«Қазақстан» Ұлттық телеарнасы жақында түріктің «Ертұғырыл» тарихи телехикаясын ұсынады

13 маусымнан бастап «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы түріктің «Ертұғырыл» тарихи телехикаясын ұсынады.

Ертұғырыл - І Османның әкесі. Көршілес жатқан талай мемлекеттердің зәресін алған қас батыр. Оның басты мақсаты басқыншылық саясатын ұстанған византиялықтарды басып алу болды. Ертұғырыл батыр осы мақсатына жеткеннен кейін де тоқтап қалмай, жаугершілік сапарын жалғастырып, Азия мен Еуропаның көп бөлігін иеленген. Әйгілі көсем дүниеден озғанша тақтан таймаған. Ал, оның ұрпақтары ғасырлар бойы көптеген мемлекеттерді басқарған.

Ғажайып телехикаядан әлемге әйгілі Осман империясының ұлы күшіне тәнті боласыздар. Туынды көрермендерді тарих қойнауына сүңгітіп, алпауыт Осман империясының қалыптасу жолымен, көшпелі халықтың тұрмыс-тіршілігімен, тарихи жорықтармен және ең бастысы, мәңгілік махаббат хикаясымен танысуға мүмкіндік береді.

Басты рөлдерде: Энгин Алтан, Осман Сойкут, Каан Ташанер, Сердар Гекхан.

Тарихи туындыны 13 маусымнан бастап дүйсенбі-жұма аралығында Ұлттық арнадан көре аласыздар.

 

 

 

Хабарламаларға жазылу