Бүгін «Ән салады мамандар» жобасының - бірінші жартылай финалы. Бұл кезеңге 27 топтың 12-cі сүрінбей жетті. Бүгінгі сында финалға шығатын алғашқы топ анықталады.
Жобаны алғаш болып өрт сөндірушілерден құралған «Жалын жүректілер» ашты. Олар «Орда» тобының «Белгісіз жан» әнін орындады. Қазылар алқасының мүшесі Арман Дүйсенов топ жақсы дайындалғанын айтса, Жанар Айжанова бірінші айналымда қалай таңқалдырса, бүгінгі сында да сол тұғырдан түспегендерін жеткізді.
«Жалын жүректілердің» тәлімгері әнші Бейбіт Көшқалиев өз тобының өнеріне көңілі толғанын айтты.