1921 жылы Канзаста ең алғаш рет фаст-фуд «White Castle» атауымен дайындала бастаған. Ал, Қазақстандағы алғаш фаст-фуд орталық 1991 жылдың 21-ші қыркүйегінде Алматыда ашылған. Есеп бойынша жылына қазақстандықтар фаст-фуд жеуге 260 миллион доллар жұмсайды.
Елімізде сэндвич сүйгіш ересектер 20 пайыз болса, бургер жегіш балалар қазір 48 пайызды құрайды.
«Фаст-фудтың дәмі өзгеше болуы үшін түрлі дәмдеуіштер қосады. Ароматизатор, бояғыштар, антиоксидант пен консерванттар. Дәмдеуішке үйренген организм фаст-фудтан бас тарта алмайды». Бұл - диетолог Анна Лукашеваның пікірі.
Фаст-фуд құрамындағы қауіпті дәмдеуіштердің бірі – глутамат. Ол наша іспетті бургерге басыңды байлайды. Ал, құйып қойып қайта-қайта фри қуыратын фаст-фуд майы адамды өлтіріп жіберуі мүмкін.
Адамның ағзасын ішінен жеп бітетін «у» - фаст-фуд туралы толығырақ «Мәселе» бағдарламасының тілшісі Әлия Әшім зерделеп көрді.