Елімізде әдемі тіркесті сөздері мен кейіпкері бар мультфильмдердің дүниеге келмеуіне не себеп? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде әдемі тіркесті сөздері мен кейіпкері бар мультфильмдердің дүниеге келмеуіне не себеп? (ВИДЕО)

27.05.2017

Қазақ мультипликациясы келмеске кетіп барады. Себебі, бұл жаңалық пен ізденісті қажет ететін өнер. Анимациядағы соңғы ізденіс Әмен Қайдаровтан кейін үзіліп қалғандай. Тақырып тапшы ма, әлде техникалық қауқарымыз аз ба, белгісіз.  Қазақ мультфильмі дегенде «Ақсақ құланды», «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» мен «Қаңбақ шалды» айта береміз.

Мультипликация жасауда  Жапония, Америка, Франция елдері көш басында тұр.

«Парасат майданы» бағдарламасының кезекті санында еліміздегі мультипликация саласы талқыланды. Хабарға суретші Аңсаған Мұстафа және режиссер Адай Әбелдинов қатысып, ойларын ортаға салды.

«Қазақ анимациясын дамытуда үш бағыт жатыр. Біріншісі, анимация саласын орталықтандыру. Яғни, оны жеке кино саласының ішіне алып шығып, анимация орталығын құру. Қазір елімізде аз дегенде анимациямен айналысатын 6 студия бар.

Екіншісі, білім беру базасының нашарлығы. Қазақстан бойынша 2-ақ жерде анимациялық білім беріледі. Екі жақтан да келетін мамандардың сапасы көңілге толмайды. Үшіншісі, прокат мәселесі. Яғни, шығарылған дүниені кинотеатрда ғана емес, телеарнада да көрсету» - дейді Адай Әбелдинов.

Хабарламаларға жазылу