«Біз бүгін кеңестік қоғамның ой-жетегінен, тоталитарлық жүйенің психологиясынан шыға алдық па?»
Бұл сауалдарға «Басты тақырыпта» философия ғылымдарының кандидаты Дархан Жазықбаев жауап берді.
«Қоғам рухани жаңғыруға дайын. Мектеп бітіріп отырған түлектердің 70-80 пайызы ана тілімізде оқып шығып жатыр. Мұның өзі мемлекеттік тілдің аясында бірігуді көрсетеді. Бір дүниені түсінуіміз қажет, тарих - ол есеп. Мұның барлығы бір кезеңде іске аспайды. Кейбір керітартпа дүниелерге әлі де күшіміздің жетпей жатқаны рас. Рухани құндылықтар кейде етектен төмен түсіп кетіп жатыр. Бұл тұрғыда әлеуметтік желілерді дұрыс пайдалану қажет. Сондықтан, рухани құндылықтарды ғаламторда кеңінен насихаттауымыз керек», - дейді маман.
Жаңғыруды зиялылардың бағытымен сабақтастыру қажет пе? Ішкі, сыртқы бәсекелестік деген не? «Туған жер» бағдарламасын қалай жүзеге асырған жөн? «100 оқулық» жобасын іске асырғанда нені ескеру қажет?
Студия қонағы бағдарлама барысында осы сауалдарға да қатысты пікірлерін білдірді.