Қожамқұл Байкеев үйленгісі, бала сүйгісі келеді. Бірақ оған кедергі көп. Қожамқұл достары көп болғанын қалайды, алайда, біреумен танысқанда жасын айтқысы келмейді. Бар сенері – анасы.
Қожамқұл өзінің диагнозын кеш білді. Дәрігерлер миында ісік бар екенін айтқан. Ісік мидың ең белсенді бөлігінде болғандықтан, оны алу - қауіпті. Мүгедек болып қалуы да мүмкін. Қожамқұл болса ісіктің өспейтініне қуанады. Бір өкініштісі – ол Қожамқұлдың өсуіне кесірін тигізіп жатыр. Қазір оның бойы – 1 метр 32 см, ал, салмағы - 28 кг.
«Қарашада 27 жасқа толдым. Қазір үйдемін. 14 жасқа дейін ауру туралы білмедім. Дәрігерлер «ісік өсіп кетеді» деп бой өсіретін дәрі (гормон) бермеді», - дейді Қожамұрат.