Қайрат Лама Шариф: БАӘ іскерлік топ өкілдерінің бірқатары Қазақстанның астығын араб әлеміне шығару мақсатын қойып отыр (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайрат Лама Шариф: БАӘ іскерлік топ өкілдерінің бірқатары Қазақстанның астығын араб әлеміне шығару мақсатын қойып отыр (ВИДЕО)

23.05.2017

Біріккен Араб Әмірліктері еліміздің ауыл шаруашылығы өнімдеріне қызығып отыр. Біз арқылы Қытайға шығып, Қытай нарығын бағындырғысы келеді. Екі елді байланыстыра отырып, ұтарымыз бен ұтыларымыз қай жер?

«Азық-түлікті дамыту тақырыбына келер болсақ, 2011 жылы Елбасымыз Мұсылман әлемі Сыртқы істер министрлерінің Астанада өткен бас қосуында штаб-пәтері Астанада орналасатын азық-түлікпен қамтамасыз ету ислам ұйымын құрайық деген бастама көтерген болатын. Міне, сол алты жыл ішінде бұл ұйым құрылды. Штаб-пәтері Астанада. 57 мұсылман елі ислам ұйымы арқылы азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатын қойып отыр.

Себебі, Шығанақтағы Араб елдерінің барлығы азық-түлікті 100 пайыз сырттан тасуда. Әсіресе, біздің астығымызды сатып алуға мүдделі. Осы жолы келген топтың бірқатары Қазақстанның астығын араб әлеміне шығару мақсатын қойып отыр»,-дейді елші.

Хабар барысында халал өнімдер, араб еліндегі қазақстандық кәсіпорындар  туралы да сөз болды.

Толық нұсқа

 

Хабарламаларға жазылу