23 мамырдан бастап, «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан «Қызыл алма» атты телехикая эфирге жол тартады. Телехикаяның алғашқы көрсетілімі сейсенбі күні 21:45-те басталады.
Бұл туынды қазіргі қоғамда, әсіресе, әлеуметтік ортада жиі кездесетін адамдар арасындағы қарама-қайшылықтар, бір-біріне деген жылы сезімдері мен сенімдерінің жоғалуы, сатқындық, ата-ана мен бауырға деген құрметтің төмен деңгейге түсіп кеткендігі жайындағы тақырыптар қозғалады.