«Ән салады мамандар» бағдарламасындағы бүгінгі сайыскерлердің бір тобы – Каспий теңізі портының қызметкерлері. Дәлірек айтсақ, жұмыста да, үйде де бір-біріне демеу болып жүрген ағайынды Ілиясовтар.
Бес ағайындыдан құралған топ «Ән салады мамандар» тележобасында.
Топ тәлімгерлері – Мирас пен Құралай. Әнші жұп топпен жүріп жатқан дайындықтың керемет өтіп жатқанын айтты.
«Ақ жол, еңбектеріңіз жана берсін! Мен сіздерге сенемін» деген тілекпен Мирас пен Құралай өз тәлімгерлерін сахнаға шығарып салды.
Ағайынды азаматтардың орындаған әндері: «Илигай».
Айта кетейік, «Каспий әуендері», «Банк квинтеті» және «Шамшырақ» тобы өзара бақ сынасқан бағдарламада «Каспий әуендері» тобы жеңімпаз атанып, жартылай финалға жолдама алды.