«Қазақстан» РТРК» АҚ Қытай Орталық Телевизиясы және  «Hunan TV» телерадикорпорациясымен  ынтымақтастық орнатты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан» РТРК» АҚ Қытай Орталық Телевизиясы және  «Hunan TV» телерадикорпорациясымен  ынтымақтастық орнатты

19.05.2017
«Қазақстан» РТРК» АҚ Қытай Орталық Телевизиясы және  «Hunan TV» телерадикорпорациясымен  ынтымақтастық орнатты

2017 жылдың 15 мамырында «Қазақстан» РТРК» АҚ-ның  делегациясы Қытай Халық Республикасында іс-сапарда болып, Қытай Орталық Телевизиясының (CCTV) президенті Ние Чжэнсимен кездесті.

Кездесу барысында бірлескен жобалар өндірісі және корпорациялар арасындағы тәжірибе алмасу бойынша екіжақты ынтымақтастық  мәселелері талқыланды.

Сондай-ақ, ССТВ-7, ССТВ-8 және ССТВ-12 телеарналарының жетекшілерімен кездесіп, тараптар арасында бірлесіп телехикаялар, деректі фильмдер және жобалар өндіру бойынша келісім орнады.

Бұдан бөлек, сол телеарналардың продюсерлері және режиссерлерімен шығармашылық бірлестіктер арасындағы тәжірибе алмасу мәселелері қарастырылды.

Ал, 17 мамырда «Қазақстан» РТРК» АҚ делегациясы Чанша қаласында орналасқан «Hunan TV» телерадикорпорациясына барды.

Бұл кездесуде Hunan TV президенті Лю Хуанбинь «Қазақстан» РТРК» АҚ-мен ынтымақтастық орнатуға үлкен қызығушылық білдірді. Келіссөздер жүргізіліп, тараптар болашақ жоспарларымен бөлісіп, бірлескен телеөнімдер мен көркем  фильмдер өндірісі бойынша уағдаласты.

 

Анықтама:

Қытай Орталық Телевизиясы (CCTV) қызметін 1958 жылдың 2 қыркүйегінде Бейжің қаласында бастады.

Hunan TV 1997 жылдың қаңтарында іске қосылып, бүгінгі күнге дейін Қытайдағы ең көп қаралатын спутниктік арналар қатарында екінші орында.

Хабарламаларға жазылу