Жаңа Жібек жолынан қазақ қандай табыс көреді? (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жаңа Жібек жолынан қазақ қандай табыс көреді? (ВИДЕО)

18.05.2017

Бүгінгі «Басты тақырыпта» Қытайда өткен «Бір белдеу, бір жол» форумы, Ұлы Жібек жолын жаңғыртудың Қазақстан үшін маңыздылығы қаншалықты деген сауалдар қозғалды. Студия қонағы саясаткер Әміржан Қосанов алдымен,  Ұлы Жібек жолы терминін қайта қарау керек екенін айтады.

«Біз көбіне мұны сауда-саттық, керуендер, транспорттық хаб, транзиттік тұрғыда ғана қараймыз. Меніңше, қазір біз тек тауарлар емес, идеялар, инновациялар, жаңалықтар, кейбір мемлекеттерді құлатып тастай алатын немесе өрге сүйрейтін идеялардың транзитіне айналып барамыз. Сондықтан, Ұлы Жібек жолы қайта қарауды  талап етеді. Қазақстанның мүддесіне сәйкес біз оған жаңаша серпін беруіміз керек»,-дейді ол.

Хабар барысында Қытайдың Қазақстанға ықпалы туралы да сөз болды.

«Бір қазаққа жүз қытайдан келеді. Бұл елдің экономикалық әлеуетін дүниежүзілік алып цех деуге болады. Қытай әлемдік аренада сөзін мойындатқан мемлекет. Сан мен сапаның арақатынасы түзелді, сәйкес келді. Сондықтан, қауіп бар. Меніңше, Қытаймен қарым-қатынасымыз былай болуы қажет:  көршімен жақсы болу керек, бірақ ол көрші төрге озып кетпеуі керек. Осы саясатты ұстансақ, қазақ халқы бұл тарихи сыннан жеңіліссіз өтеді».

Хабарламаларға жазылу