Қайырбек Арыстанбеков: Зейнетақы нарығына көп ойыншылар қажет (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қайырбек Арыстанбеков: Зейнетақы нарығына көп ойыншылар қажет (ВИДЕО)

17.05.2017

Зейнатақы қоры қаражатының  басқарылуында ашықтық, есептілік деген бар ма? Миллиондаған салымшы зейнетіме деп жинаған қаражаттарының қалай басқарылатынын, оның экономиканың нақты қай секторына салынғанынан хабарсыз.

Қайырбек Арыстанбеков: «Айта кетерлігі, ақпараттандыру саласында тиісті қомақты шаралар бар. Барлық халықтың ғаламтор сынды  басқа инструменттерге мүмкіндігі бола бермейді. Тағы бір айта кететін жайт, біртұтас мемлекеттік  зейнетақы қоры болғанның алдында бізде 15 жеке зейнетақы қорлары болды. Осы жерде айтып өтер өте маңызды мәселе нарықтық экономиканың үш басты компоненті бар.

Бірінші – монополис болған жерде тәртіп болмайды. Біз жеке қорларды жауып тастадық та, мемлекеттік монополистікті орнаттық. Енді оның салдарын көріп отырмыз. Ал, монополис мемлекет бар жерде өкінішке орай барлығы да ойдағыдай бола бермейді. Өйткені, құнды қағаз, қаражат нарығында көп ойыншылар керек. Яғни, бәсеке жасау керек. Бәсеке жоқ  жерде тәртіп болмайды. Менің ойымша,  нарыққа сол бұрынғы бәсекелестікті туындататын көптеген ойыншылар қажет. Сонда ғана «әзірбайжан синдромы» болмайды».

Сонымен қатар, Экономикалық саясат институтының директоры Қайырбек Арыстанбеков  бағдарлама барысында зейнетақы қорындағы қаражат қолды болып кетпес үшін не істеу керектігін айтты.

Хабарламаларға жазылу