«Таңшолпан». 19 мамырда «Астана опера» театры тыңдармандарға скрипка мен қобыз үнінің бірігуінен құрылған композицияны ұсынады (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Таңшолпан». 19 мамырда «Астана опера» театры тыңдармандарға скрипка мен қобыз үнінің бірігуінен құрылған композицияны ұсынады (ВИДЕО)

17.05.2017

Халықаралық байқаулардың лауреаты, Бүкіләлемдік орындаушылық өнері чемпионатының алтын медаль иегері, қобызшы, «World Championship of Performing arts» фестивалінің алтын медаль иегері Ләйлә Исаева бағдарлама қонағы болды.

«Астанаға көшіп келгеніме 1,5 жыл болды. Қазіргі таңда АҚШ-нан келген кісі қобызды үйренгісі келіп, менен дәріс алып жатыр.

Жалпы, әлемде қазақ музыкасының орны жақсы деңгейде. Қай жерге барсам да біздің өнерге таң қалады, қызығушылық танытады.

АҚШ-та байқауға қатысқанымда сол жақтың продюсерлері бірге жоба жасауға ұсыныс білдірді.

Қобызды білу үшін міндетті түрде музыкалық қабілет болуы керек. Классикалық заң бойынша қиын аспаптарды бала кезден үйренген жөн», - дейді қобызшы.

Айта кетсек, 19 мамырда  «Астана опера» театрының сахнасында халықаралық конкурстардың лауреаты Ләйлә Исаева қобызбен испандық, аргентиналық, орысша және америкалық музыкаларды, сондай-ақ, ұлттық өнерді насихаттап, өнер көрсететін болады. 

Хабарламаларға жазылу