«Ән салады мамандар» жобасында троллейбус паркі қызметкерлерінің «Жеті қазына» тобы бақ сынады. Топ мүшелері Роза Рымбаеваның орындауындағы «Мұңайма» әнін шырқады.
Тәлімгер – әнші Өмірқұл Айниязов. «Тобымның өнері көрерменге өте қызық болады деп ойлаймын», - дейді ол.
Жобада «жеті қазыналықтар» барын салып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.
Әбунасыр Серіков «Маған ұнады. Шын жүректеріңізбен орындап шықтыңыздар, 80-жылдарға барып қайттым» десе, Жанар Айжанова «Ән жағынан келгенде қыздар барын салды, бізді қойылым баурап алды», - деген бағасын берді.