Дана Нұржігіт: Димаштың өнерінен кейін көп әртістер ойланып қалды деп есептеймін (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Дана Нұржігіт: Димаштың өнерінен кейін көп әртістер ойланып қалды деп есептеймін (ВИДЕО)

13.05.2017

 «Жалпы, мінбеге шығу, сахнада өнер көрсету  -  үлкен жауапкершілік. Сен сонымен елге үлгісің.  Тіптен, «Ninety One» тобын алар болсақ, оларға еліктеп шашын бояп, шалбар емес, трико киіп шығатын жігіттер болады. Бірақ, оның өзі жасына сай. Егер, олар 50 жасында дәл сондай имиджбен шығатын болса, мен түсінбес едім.

Ал, кешегі Димаштың өнерінен кейін санасы болса, көп әртістер ойланып қалды деп есептеймін. «Әртіс деген осылай жүру керек, әнді осылай шырқау керек. Әртіс деген қазақтың атын бүкіл әлемге дәл осылай танытуы керек. Осындай деңгейдегі музыка сыйлау керек», дегенді қайтарған Димашқа рахмет айтуымыз қажет», - дейді Дана Нұржігіт.

Хабарламаларға жазылу