Уахит Шалкенов соғысқа 19 жасында аттанғандардың бірі (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Уахит Шалкенов соғысқа 19 жасында аттанғандардың бірі (ВИДЕО)

10.05.2017

XX ғасыр біздің ұлттық ғана емес, бүкіл адамзаттың тағдырында қара таңба, қасіретті із қалдырды. Жыл өткен сайын II Дүниежүзілік соғыстың дүмпуі мен алапат жарылысынан алыстап барамыз. Бірақ, сол соғыс салған жара жазылды деп айта аламыз ба? Соғыстың соңғы сарбаздары қалай өмір сүріп жатыр?

«Айтуға оңайдың» бүгінгі шығарылымы Жеңістің 72 жылдығына арналды.

Соғыс ардагері, тарих ғылымдарының докторы Уахит Шалкенов соғысқа 19 жасында аттанған.

«Мен 1943 жылы Орловско-Курская дуга шайқасына қатыстым. Взвод командирінің көмекшісі, кейін взводты басқардым. Ресейдің, Украинаның бірқатар қалаларын азат еттік.

Замандастарыма айтарым, «тоқсанға, жүзге  келдім, болдым, толдым» деп жата беруге болмайды. Біздің негізгі  мақсатымыз – мына кейінгі ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеу. Үйдегі балаларың бір-бірімен орысша тілдеседі. Соларды тоқтатпайсыңдар ма?»,-дейді ардагер.

 

Хабарламаларға жазылу