Бүгін – Жеңіс күні! - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бүгін – Жеңіс күні!

09.05.2017

Соғыс жылдары Қазақстан жерінде 12 атқыштар дивизиясы, 4 ұлттық атты әскер дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы мен 50-ге жуық түрлі полктер, батальондер  құрылып майданға аттанды.

Жауынгерлері жаяумен жан аямай шайқасқан қазақстандық 5 әскери құрамға гвардиялық деген құрметті атақ беріліп, олардың туларына бірнеше мәрте ордендер қадалды.  

Соғыс кезінде 3 жарым мыңдай қазақстандық партизан отрядының құрамында болып, жеңісті жақындатуға өз үлесін қосты. Жан қиярлық ерлігі мен батырлығы үшін 96 мың 638 қазақстандық жауынгер бірнеше мәрте орден және медальдармен марапатталды.

497 жерлесіміз Кеңес одағының батыры атанды. Олардың 97-і қазақ болатын. 142 жауынгер «Даңқ» орденінің толық иегері болды.  

Хабарламаларға жазылу