Өткен жылы мемлекеттік инспекторлар заңды тұлғаларға 1549 тексеріс жүргізген. Нәтижесінде кәсіппен айналысатын компанияларға 65,6 млн. теңге айыппұл салынған. Елімізде кәсібінен нәсіп теріп жүрген 437 ұйым қызметкерлеріне айлық төлемей, жұмысшысы алдындағы жауапкершіліктерінен жалтарған. Берешек – 943 млн. теңге.
2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап жол ережесі бойынша салынатын айыппұл көлемі өсті. Ең ауыры – мас күйде рөлге отыру. Екіншісі – бұл санатқа жатпасаң да, мүгедектерге арналған көлік тұрағына автомобилін қаңтарғандар үшін. Үшіншісі – жылдамдықты асыру, төртіншісі – көлікке дыбыс ұлғайтқыш дабыл белгілерін қойып алғандар үшін.
Өзге де салық түрлері мен жауапкершіліктер туралы Әлия Әшімнің сюжетінде.