Әнші Қуандық Рахым «Таңшолпан» төрінде қонақта болып, шығармашылығындағы жаңалықтармен бөлісті. Қазіргі таңда ол еліміздің әр түкпірінде концерт беруде. Сонымен қатар, бүгін әншінің «Сәлем, Қазақстан!» жобасы аясында жеке шығармашылық кеші өтеді.
Кешке Альбина Шардарова, Мөлдір Әуелбекова сынды әншілер қатысады.
«Репертуарыңызды кім таңдайды?» деген сауалға әнші әндерімді продюсерім Жанна Абуовамен ақылдасып, таңдаймын деді.
Сондай-ақ, Қуандық Рахым Ұлттық арна эфирінде көрсетілген «Анашым, мені қалдырма...» телехикаясының саундтрегін орындаған болатын. Ол сол әннің шығу тарихымен бөлісті.