Жұмабек Сарабек: ТМД мемлекеттерінен 4500-ге жуық адам Сирияға аттанған (ВИДЕО) - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жұмабек Сарабек: ТМД мемлекеттерінен 4500-ге жуық адам Сирияға аттанған (ВИДЕО)

03.05.2017

Хабар барысында Сирия даласына 40-тан астам қарулы топ барғанына тоқталған Жұмабек Сарабек, оған қоса шетелден келген содырлар Сирия майданына араласқанын айтады.

«Мысалы, ТМД мемлекеттерінен 4500-ге жуық адам Сирияға аттанған. Қазіргі таңда ТМД елдеріндегі маңызды сұрақ, «Сирияға аттанғандар өз елдеріне оралған соң қандай қауіп тудыруы мүмкін?» деген мәселе болып отыр» ,-дейді ол.

Астана процесі кезінде Сирия оппозициясының келіссөздерді тастап кеткені туралы ақпаратқа қатысты сарапшы, «Сирия оппозициясы өкілдерінің келіссөздерді тастап кету себебі – олар осы күнге белгіленген барлық кездесулерін аяқтады. Бұдан ешқандай да саяси астар іздеудің қажеті жоқ»,-дейді.

Еске сала кетейік, «Басты тақырып» Астанада өтіп жатқан Сириядағы атысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерге арналды. Студия қонағы – Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабек.

Хабарламаларға жазылу