Бүгінгі «Басты тақырып» Астанада өтіп жатқан Сириядағы атысты тоқтатуға бағытталған келіссөздерге арналды. Студия қонағы – Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы Жұмабек Сарабек.
«Сирия қақтығысын талқылаған кезде басты есте ұстайтын жайт – бұл қақтығыс бірнеше деңгейден тұрады.
Бірінші деңгей – Сирияның ішіндегі қарама-қайшылықтар. Онда бірнеше саяси топтар бар.
Екінші деңгей – аймақтық қарама-қайшылықтар. Мұнда Иранның, Араб монархияларының өз мүдделері бар.
Үшінші деңгей – әлемдік деңгейдегі геосаяси мүдделердің қақтығысы. Бұл жерде Ресей мен АҚШ-ты айтсақ болады.
Тараптар арасында ортақ бір мәмілеге келу – өте қиын іс. Осы ретте Астана процесінің басты міндеті – бірнеше жыл бойы жалғасып келе жатқан қақтығысты бір сәтте шешу емес, бұл жерде соғысты тоқтатудың ең басты алғышарты ол – оқ атуды тоқтату»,-дейді сарапшы.